Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда оқушылар әкімдік ғимаратында сабақ оқып, мешітте тамақтанып жүр

Опубликовано:

ғимарат
Жөндеу жұмыстары бітпеген мектеп ғимараты. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жамбыл облысында оқушылар мемлекеттік қызметшілер отыратын әкімдік ғимаратында білім алып жүр. Ал ыстық тамақты мешітте ішеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылындағы №2 мектептің күрделі жөндеу жұмысы былтыр қазан айында бітуге тиіс болған. Алайда мердігер мерзімінен кешіккен. Салдарынан жоғары сыныптағы 200-ден астам астам оқушы ауыл әкімдігінде білім алуда. Ал бастауыш сыныпта оқитын 140 бала жапсарлас ғимаратта оқып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "тазалық жұмыстарына мектеп оқушылары тартылып жатыр" делінген бейнежазба тараған. Бірақ білім басқармасы мұны жоққа шығарды. Бүгінгі таңда оқушыларды мектепке кіргізген директор тәртіптік жазаға тартылды. Ал мерзімнен кешіккен компанияны сотқа берген.

"Мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Тек абаттандыру жұмыстары бойынша кеспе тас төсеу ғана қалды. Соңғы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни қар жауып, жаңбыр жауып, жер батпақ болғаннан кейін бұл жұмыстар басталмады. Мердігер мекеме құрылысты 1 сәуірге дейін толық аяқтаймыз деп отыр", - дейді Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев.

Автор: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075040-zambylda-oqusylar-akimdik-gimaratynda-sabaq-oqyp-mesitte-tamaqtanyp-zur/

pixel