Құлаған ағаштар, су басқан көшелер: толассыз жауған жаңбырдан кейін Алматыда не болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомТөтенше жағдайлар министрлігі өкілдері 28 наурызда кешке қарай Алматыдағы жағдай туралы айтты. Кеше қалада шаңды дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауып, аулалар мен көшелерді су басып қалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ мәліметінше, 28 наурызда кешке қарай Алматыда ауа райы күрт нашарлап, екпінді жел 18-24 м/с дейінгі жылдамдыққа дейін жетіп, нөсер жаңбыр жауғанына байланысты қаланың барлық ТЖ қызметі мен коммуналдық кәсіпорыны күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылған.
38 жеке үйдің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерін су басқан.
Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жоюда.
"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарда.
Төтенше жағдайлар департаменті кеше, 28 наурызда 112 желісіне тұрғындардан ағаштардың құлағаны бойынша – (көліктерге 13 жағдай, ғимараттарға – 2 жағдай, газ құбырларына – 3 жағдай) қоңырау түскенін хабарлады.
Қоңырауларға жедел жуап беру мақсатында қалалық төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны ашылып, 112 оператор қызмет көрсеткен.
Еске сала кетейік, кеше, 28 наурызда кешке Алматыда ауа райы күрт нашарлап, қою бұлт көшіп, жел күшейіп, қаланы шаңды дауыл басып қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075106-qulagan-agastar-su-basqan-koseler-tolassyz-zaugan-zanbyrdan-keiin-almatyda-ne-boldy-video/