Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су, жылу жоқ, терезеге телміріп отырмыз": Ақтөбе облысында ауыл халқы тасқын судың ортасында қалды (видео)

Опубликовано:

Мектеп ішінде отырған тұрғындар
Шығанақ Берсиев ауылының тұрғындары. Фото: NUR.KZ/автордан

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылды тасқын су басты. Қазір 300-ге жуық тұрғын тасқын судың ортасында қалған мектепте жанын шүберекке түйіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұрғындар тасқын судан мектеп қабырғасының жарылып жатқанын айтып, қауіп төне ме деп алаңдайды.

"Мектептің екінші қабатында отырмыз. Бірінші қабат су. Су жоқ, жылу жоқ, жарық жоқ. Терезенің алдында телміріп отырмыз. Ауыл түгел суға кетті. Мектеп ішінде 300-ге жуық адам бар. Жартысы - бала. Ауылдың азаматтары қора мен үйдің төбесінде жатыр. Су бір метрден асып кетті. Тоқтайтын түрі жоқ. Әлі келіп жатыр. Алдымыз - түн. Ел боп шулап отырмыз. Үлкен кісілердің қан қысымы көтеріліп, балалардың мазасы кетті. Келген тікұшақ қона алмай кетті. Ішер суымыз қалмады”,- деді Шығанақ Берсиев ауылының тұрғыны Жангүл Ақбөбекқызы.

Тасқын судың ортасында қалған ауыл тұрғындары шұғыл көмек жіберуді сұрайды. Ал облыстық ТЖД құтқару қызметінің жұмылдырылғанын хабарлады.

“29 наурызда Ойыл ауданы, Ш.Берсиев және Қаратал ауылдарында еріген су жиналды. Ойыл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты ауылды су басты. Ш. Берсиев эвакуациялық пункте 246 адам, оның ішінде 117 бала бар. ТЖД күштерімен адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Т.Бигелдинов әуе қорғанысы күштері әскери институтының тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075739-su-zylu-zoq-terezege-telmirip-otyrmyz-aqtobe-oblysynda-auyl-xalqy-tasqyn-sudyn-ortasynda-qaldy-video/

pixel