Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында бөгет бұзылып, адамдар эвакуацияланды

Опубликовано:

Су бөгеті
Су бөгеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаков бөгеті шлюзінің үстінде жарықтар пайда болды. Нәтижесінде бөгет бұзылып, екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында төтенше жағдай орын алды. ТЖД күшімен Талдысай ауылындағы және Жүргенов ауылындағы 45 жеке тұрғын үйден 149 адам алдын ала эвакуацияланды.

"21-40-та бөгет бұзылып, Жүргенев ауылының шетіндегі Ырғыз өзеніне су ағыла бастады. ЖАО күшімен тұрғындарды осы ауылдардан эвакуациялау басталды", - делінген ресми хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 251 адам өзі эвакуацияланды, оның ішінде 87 бала.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы әкімдігі бұған дейін бөгеттен қауіп барын ескертіп, төтенше жағдай жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075799-aqtobe-oblysynda-boget-buzylyp-adamdar-evakuaciyalandy/

pixel