Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды баяндады
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқынына қатысты ахуалды баяндады. Соңғы деректерге сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерімен 7783 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды министрлікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6000 –нан астам адам, 3000 техника және ТЖМ, қорғаныс минстрірлігінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінен, ұлттық ұланнан 12 әуе кемелері жұмылдырылды.
Республикалық жедел штабтың бақылауында 7 облыс тұр. Олар: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары.
"Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтерімен 7 783 адам, оның ішінде 2 800 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн астам текше метрд еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075844-qazaqstandagy-su-tasqyny-tzm-onirlerdegi-zagdaidy-bayandady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.