jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды облысындағы тасжолда жүк көліктерін су ағызып әкетті (видео)

Тасжолдағы жүк көлігі
Тасжолдағы жүк көлігі. Видеодан кадр: instagram.com/news_agency_balkhash

Оқиға куәгерлері Қарағанды ​​облысындағы тасжолда болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Кадрлардан жүк көліктері мен арнайы көліктердің суға батқанын көруге болады. Оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

news_agency_balkash Instagram-парақшасындағы жазбаға сәйкес, кадрлар Қарағанды – Шет – Балқаш тасжолында түсірілген. Видеодан су басқан тасжолдағы жүк көліктері мен арнайы көліктерді көруге болады. Олар суға батып жатыр. Ал тағы бір видеода жол бойымен келе жатқан "КамАЗ" көлігі суға құлайды.

Назар аударыңыз: видеода балағат сөздер бар!

Видеоларға Қарағанды ​​облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

"Қазавтожолдың" жолды уақытша ашу туралы шешіміне сәйкес 30 наурызда түстен кейін 270 жүк көлігі Ақсу – Аюлы ауылы ауданына қарай колоннамен жіберілді. Алайда видеодағы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік шараларын сақтамай жол жиегіне шығып кетіп, сол жерде тізгінге ие бола алмай, аударылып қалды.

Сондай-ақ жолға қиыршық тас сеуіп келе жатқан үш жүк көлігі де аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысындағы тасжолда жүк көліктерін су ағызып әкетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.