Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су басқан үйлер жоқ": ТЖД Алматы облысындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуына қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Су қоймасының бөгеті
Су қоймасының бөгеті. Видеодан кадр: Instagram/almobl_akimat

30 наурызда Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылған болатын. Ондағы ахуалға қатысты ТЖД қызметі түсініктеме берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, 2024 жылғы 30 наурызда сағат 15:50-де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метрді құрайды. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құяды, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтеді, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды.

ТЖД, ПД, ЖАО қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарда аулаларды аралап, халықты хабардар етті. Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дағдарыстық жағдай туындаған жағдайда эвакуация Қараой ауылы № 49 ОМ және № 18 ОМ жүзеге асырылады. Ол жерде 250 орын дайындалды, эвакуациялау үшін 2 бірлік автобус техникасы, 7 вахтовка дайындалды.

Жайнақ ауылы – Байсейіт ауылы, Қарой ауылы мен Н. Тілендиев автожолында облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды.

"Тартылған күштер және құралдармен 250 тонна инертті материал және 3000 қапшықтарды жағаны нығайту және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік техникамен бөгет саңылауын бетон конструкцияларымен және топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде.

ТЖ жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237 ш/б, шекара. Академия 2466 Қараой, РОСО, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер және 70-ке жуық техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды. Кейнірек оқиға орнына ТЖД қызметі жетіп, жағдай тұрақталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076162-su-basqan-uiler-zoq-tzd-almaty-oblysyndagy-su-qoimasy-bogetinin-buzyluyna-qatysty-tusinikteme-berdi/

pixel