Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны бойынша қазіргі жағдай: ТЖД есеп берді

Опубликовано:

Өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын, су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. ТЖД Қазақстандағы су тасқыны бойынша қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,2 млн шаршы метрден астам еріген су (тәулігіне 474 мың текше метрден астам) сорылды, 263 мыңнан астам қапшық (тәулігіне 38 мыңнан астам) және 403 мың тонна инертті материал (тәулігіне 6 мыңнан астам) төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 4 728 бала.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар.

Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам эвакуацияланды, оның ішінде 261 бала.

«Жедел желі» телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ, күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының берілген топтары тартылды.

299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр.

39 автожолдардың шайылуы, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бар бақылауда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елді мекен көлік қатынасынсыз.

Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 6 930 адам, 1 895 техника, 772 су айдау құралдары және 68 жүзу құралдары, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076261-qazaqstandagy-su-tasqyny-boiynsa-qazirgi-zagdai-tzd-esep-berdi/

pixel