Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су деңгейі көтерілді": ТЖД өкілдері Орал маңындағы тұрғындарды эвакуациялауға шақырды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: pexels.com

Орал қаласының маңындағы Подстепное ауылында үйлерді еріген қар суы басып жатыр. Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 31 наурызда еріген қар суы Подстепное ауылындағы Ж.Молдағалиева және Игілік көшелерінің бойындағы үйлерге жеткен.

Қазіргі уақытта учаскеде су сору жұмыстары басталып, арықтар қазылып, қосымша топырақ қоршау салынуда. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға шақырды. Подстепное ауылындағы мектеп пен колледжде эвакуациялық пункттер ашылды.

"ҚазАвтоЖол" БҚО филилының ақпаратына сәйкес, су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты Самара-Шымкент тас жолының 263-265 шақырымындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды (учаске Подстепное ауылының ішінде орналасқан).

Орал маңындағы саяжай иелері үшін де жағдай қиын.

"Шаған және Деркүл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне (еріген судың келуі) байланысты саяжай алқаптары мен "Мичуринское", "Ардагер", "Самал 1, 2, 3" саяжайындағы үйлерді су басып қалуы мүмкін. Сонымен қатар "Ягодка", "Вишенка", "Үміткер", "Үміт", "Путеец", "Вишневый сад", "Нива", "Росток", "Телецентр", "Кардиологиялық орталық", "Үміт" шағынаудандарына да қауіп бар", - делінген хабарда.

Құтқарушылар азық-түлік пен бағалы заттарды, киім-кешектер мен аяқ киімді ғимараттардың жоғарғы қабатына немесе биік орындарға, шатырларға орналастыруды ескертті.

"Терезелер мен есіктерді жабыңыз, қажет болған жағдайда бірінші қабаттардың терезелері мен есіктерін олардың сыртына тақтайшаларды (қалқандарды) бекітіп, қорғаңыз. Үйдің ауласында заттарды бекітіңіз, су алып кетуі мүмкін. Жоғарыда аталған саяжайда тұратын тұрғындар қажетті заттарын, құжаттарын, азық-түліктерін, суын, дәрі-дәрмек қобдишасын жинап, газ, жарықты өшіруі керек. Ақпарат туралы көршілеріңізге хабарлаңыз, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. Кез келген жағдайда сабыр сақтап, үрейленбеңіз. Хабарламаларға назар аударыңыз, қосымша нұсқауларды күтіңіз", - делінген БҚО ТЖД хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076393-sabyr-saqtanyzdar-tzd-okilderi-oral-manyndagy-turgyndardy-evakuaciyalauga-saqyrdy/