Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның батысында тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Эвакуацияланған тұрғындар
Миялы ауылындағы эвакуацияланған тұрғындар. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Атырау облысында Ойыл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Миялы ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды. Осы сағатқа дейін бес мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-парақшасындағы мәлімет бойынша, 31 наурызда кешкі уақытта Ойыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғындарын 3 қабылдау пунктіне ішінара эвакуациялау басталды.

Құтқарушылар 559 тұрғынды, оның 327-сі баланы эвакуациялады. Олар аудан мектептері мен балабақшаларда ашылған эвакуациялық пункттерге орналастырылды.

Тұрғындарды эвакуациялауға ТЖД-дан 12 қызметкер, 2 техника, ЖАО 6 қызметкері 4 техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076396-qazaqstannyn-batysynda-tagy-bir-auyl-turgyndary-evakuaciyalandy/