"Ұрып-соғып, мүлкін тартып алған": Қарағанды облысында кәсіпкерлер мен студенттерді бопсалағандар ұсталды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы хабарлайды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер - "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.
Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.
"Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076432-uryp-sogyp-mulkin-tartyp-algan-qaragandy-oblysynda-kasipkerler-men-studentterdi-bopsalagandar-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.