Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысының тәртібі өзгерді

Жарияланған күні:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы орындығында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушысы айыпталушыдан тергеу барысында жауап алынбағанын айтқан. Ал прокурор Бишімбаевтан 5 рет жауап алынғанын, берген жауабы 7 параққа жазылғанын айтты.

Судья сот отырысының тәртібін де өзгертті.

"Алдағы уақытта сот тәртібі өзгертіледі: куәгерден жауап алынғаннан кейін (соңғы отырыста жауап алу аяқталмаған – ред. ескертпесі) сот айыпталып жатқан адамнан жауап алып, кейін белгіленген тәртіп бойынша жауап алуды жалғастырады.

Куәгерлер, содан кейін сарапшылар, сарапшылардан жауап алынған соң қылмыстық іс материалдарын зерделеу, одан кейін айыпталып жатқан Байжановтан жауап алып, оның қорытындысы бойынша сот тергеуі жүргізіледі", - деді судья.

Судьяның сөзінше, сотқа қатысушылар куәлік беретін мінбер қайта жасақталған: енді куәгерлер алқабилерге қарап жауап беретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076561-bisimbaev-isi-boiynsa-sot-otyrysynyn-tartibi-ozgerdi/