Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абоненттердің жеке деректері тарап кетті: "Қазақтелеком" мен "Air Astana" компаниялары жауапқа тартылды

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Көрнекі фото: eclipse_images / Getty Images

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпан айындағы қазақстандықтардың жеке деректері жарияланып кетуіне байланысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы мәлімдеді. Аталған іске қатысы бар үш компанияның екеуі жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, биыл 16 ақпанда бәзбіреулер GitHub ресурсында хакерлік топтардың бірінің материалдарын жариялаған. Бұдан бөлек, аталған ресурста қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректері де жарияланғаны анықталған.

Жарияланған ақпаратта қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми деректері бары анықталған. Сонымен қатар аталған ақпаратта "Қазақтелеком" АҚ, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, Air Astana АҚ сынды компаниялар туралы жазылған.

"Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, инфрақұрылымында жаңа ымыраға келу фактілері анықталмаған ұялы байланыс операторларының ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізді. Бүгінде компанияларды отандық ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтары қорғайды.

Сонымен қатар, министрлік "Қазақтелеком" АҚ, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, Air Astana АҚ-ға байланысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Осылайша 2 заңды тұлға ("Қазақтелеком" АҚ, Air Astana АҚ) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 641 бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. "БЖЗҚ" АҚ бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір аталған ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және оны болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076591-turgyndardyn-zeke-derekteri-tarap-ketti-qazaqtelekom-men-air-astana-kompaniyalary-zauapqa-tartyldy/

pixel