Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды
Жарияланған күні:
Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілерімен лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды.
Нақтылағанда, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023 жылдар аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған", - делінген хабарда.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстарды қабылдап, 27 миллион теңге қаражатты негізсіз аударған.
Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076816-qyzylorda-qalalyq-bilim-boliminin-bassysy-qyzmetinen-quyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.