Sensata Group компаниясы Бишімбаевқа қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Sensata Group компаниясы Бишімбаевқа қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Sensata Group құрылыс компаниясы Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен оның айналасындағылардың компанияға қатысы жоғын және құрылтайшылар мен басшылықтың мүшесі емес екенін ресми түрде мәлімдейді", - делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ компания өкілдері Бишімбаевтар отбасының Sensata Group құрылыс компаниясына қатысы жөнінде сот барысында айтылған тұжырымдар шындыққа жанаспайтынын айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076888-sensata-group-kompaniyasy-bisimbaevqa-qatysy-bar-degen-aqparatty-zoqqa-sygardy/