jitsu gif
Оқыс оқиға

    ҰҚК Ақтауда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады

    Күдіктіні ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты

    ҰҚК Ақтауда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомство сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады.

    Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарда.

    Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы екені айтылады.

    Аталған ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.