Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылғаны рас па: СІМ жауабы

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай 6516
Фото: azh.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылды деп тарап жүрген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

Бүгін ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдері ресми өкілден: "Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?" деп сұрады.

Айбек Смадияров ақпарат жалған екенін атап өтті.

"Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда неше түрлі мәлімет жариялана береді", - деді ол.

Еске салайық, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім жарияланды. Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077001-aqzarqyn-turlybai-qazaqstanga-qaitarylgany-ras-pa-sim-zauaby/

pixel