Фактчекерлер жарылғыш заты бар шамдар туралы тараған ақпараттың жай-жапсарын анықтады
Жарияланған күні:
Қазақстандықтар елді мекендерде шашылып жатқан шамдар туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың ішінде батареялардың орнына жарылғыш заттар бар делінеді. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.
Бұл фейк Ресейден келген, ал онда осы жылдың наурыз айының басынан таралған. Фактілерді "Лапша медиа" порталы тексерген. Жарылғыш құрылғылар Запорожье облысының Энергодар және Горловка қалаларында (ДХР) табылған. Аспаннан түскен қауіпті заттар туралы Горловка басшысы Иван Приходько хабарлаған.
Басқа аймақтар бойынша ақпарат расталған жоқ. Қауіпті шамдар туралы ақпарат көптеген өңірде жоққа шығарылды. Атап айтқанда, Ставрополь өлкесінің Георгиевск муниципалды округінің басшысы Андрей Зайцев өзінің Telegram-дағы арнасында бұл фейк деп жазған. Ленинград облысы мен Дағыстанда да қауесет жоққа шығарылды.
Дәл осы фейк Беларусьте де таралды. Оны көптеген БАҚ, оның ішінде Витебск облыстық атқару комитетінің ІІБ Telegram-дағы арнасы теріске шығарды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай қауесеттерді таратушыларды "Беларусьте мұндай шамдармен жұртты қорқытуды" тоқтатуға шақырды.
Елді мекендерде жарылғыш заттары бар шамдар шашылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл фейкті көптеген ресейлік және белорустік БАҚ жоққа шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077016-faktcekerler-zarylgys-zaty-bar-samdar-turaly-taragan-aqparattyn-zai-zapsaryn-anyqtady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.