Павлодарда мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер сотталды
Жарияланған күні:
13 жастағы мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққаны үшін екі жасөспірім әрқайсы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қаралды.
Сот 2023 жылдың шілдесінде павлодарлық университеттердің бірінің стадионында екі жасөспірімнің 13 жастағы оқушыға шабуыл жасап, тепкілегенін анықтады. Болған оқиғаның барлығы түсіріліп, кейінірек бұл видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Айыпталушылардың әрекеті денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан.
"Айыпталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен және тағы басқасымен арқылы дәлелденді. Прокурор сотталушыларды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен оның заңды өкілі прокурордың пікірін қолдады.
Кәмелетке толмаған сотталушылар денсаулығына ауыр зиян келтірумен келіспей, кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады", - деп хабарлады Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Мектеп оқушыларын 6 жыл 8 айдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға болмайды, деп атап өтті сотта. Ақырында олардың әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды және олар жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтеуі керек.
Сондай-ақ балалардың заңды өкілдері моральдық шығынды өтеу ретінде жәбірленушіге 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, 2023 жылдың шілде айының соңында Павлодардағы университет стадионында оқушының соққыға жығылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Жасөспірімге төрт адамның шабуыл жасағаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077046-pavlodarda-mektep-oqusysyn-ayausyz-soqqyga-zyqqan-zasospirimder-sottaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.