Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар көшкіні жүруі мүмкін: Алматы ТЖД тұрғындарға тауға бармауға кеңес берді

Жарияланған күні:

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері 2-5 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2-5 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

"Көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуін шектеу мақсатында "Алматы қаласы-Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ-Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған", - делінген хабарда.

Көшкін қаупі кезеңінің басынан бері жалпы көлемі 740 мыңнан астам текше метрден асатын 136-дан астам қар көшкіні өздігінен түскен.

Одан бөлек, қар көшкінін профилактикалық түсіру жүргізілген. Жарылғыш әдіспен 9 200 текше метрден астам қар массасы түсірілді, ешкім зардап шекпеген.

Алматы ТЖД мен полиция департаментінің, "Қазселденқорғау" қызметкерлері көшкін жүру аймағына халықты өткізбес үшін шаралар қабылдады.

ТЖД мен "Қазселденқорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шықпауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077109-qar-koskini-zurui-mumkin-almaty-tzd-turgyndarga-tauga-barmauga-kenes-berdi/