Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй кредитке алынған": өңірлерде су тасқынынан келген шығын есептеле бастады (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы су тасқыны
Ақтөбе облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: astanatv.kz

Ақтөбе облысында топан судан 800-ге жуық баспанаға залал келген. Арнайы комиссия тасқыннан келген шығынды есептеуді бастады. Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі? Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, арнайы комиссияға екі сағат ішінде 700-ге жуық өтінім түскен. 1 сәуірде комиссия өкілдері сол зардап шеккен үйлерді аралады. Әуелі есебі алынып, соған сәйкес шығын өтеледі, дейді биліктегілер.

"Әр үйді бірінші тіркеп аламыз. Содан кейін бағалаушыларға береміз. Бағалаушылар бізден кейін келіп арнайы мамандармен есептеу жұмыстарын жүргізеді. Есептеу аяқталғаннан кейін біз тиісті қаржы сұратып, шоттарына аударатын боламыз", - дейді Астана ауданы әкімі орынбасары Жақсат Төлегенов.

Облыста 757 үйді су басқан. 3700-ден астам адам эвакуациялық бекеттерді паналап отыр. Жеті мыңнан астам ірі қара мал қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бір Қобданың өзінде 237 үй су астында қалған. Ойылда жағдай мәз емес. Қаратал, Екпетал, Ақкемер ауылдары бас-аяғы үш жүзден астам үй суға кетті.

"Әлі де амандық болса жаңа қонысқа бірге кіреміз. Келер жылға қалдырмаймыз. Оны биыл міндетті түрде шешеміз. Әр қадамымызды айтып отырамыз. Жұмыс баяу жүрмейді.Қадағалап отырамыз", - дейді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Өңірде 41 уақытша эвакуация бекеті бар. Сол бекеттер орналасқан 39 мектеп және екі колледжде сабақ қашықтықтан оқуға көшірілді. Сондай-ақ су басу қаупі бар аумақтардағы 21 білім ошағында да сабақ онлайн өтеді. Судан зардап шеккен жандарға көмек көрсетіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077169-ui-kreditke-alyngan-onirlerde-su-tasqynynan-kelgen-sygyn-eseptele-bastady-video/

pixel