Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам ұрлап, несие рәсімдеткен: Алматыда полиция қылмыстық топты ұстады (видео)

Опубликовано:

Ақша мен қол кісен
Ақша мен қол кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, оларға несие рәсімдеткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы хабарлайды

Басылым мәліметінше, күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен.

Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды.

Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077205-adam-urlap-nesie-rasimdetken-almatyda-policiya-qylmystyq-topty-ustady-video/

pixel