Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы тауларында қар көшкіні жүріп, көлік жолын жауып тастады

Опубликовано:

Қар көшкіні
Алматы облысының тауларында қар көшкін жүрді. Фото: ТЖМ

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүріп, Түрген-Батан автожолын жауып тастаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметі бойынша "Қазселденқорғау" мамандары тексеріс жүргізу кезінде Алматы облысы "Түрген – Батан" ауылы автожолының 23,4 километрінде қар көшкіні болғанын анықтаған. Өздігінен жүрген қар көшкінінің көлемі 187,5 м3 болған.

"Қар көшкінінің түсу себебі температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ", – делінген хабарда.

Қазіргі уақытта автожолды тазалау жұмыстарын жергілікті атқару органдары жүргізіп жатыр.

"Алматы облысының тауларында көшкін қауіпті! Алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз", – деп ескертті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077235-almaty-oblysy-taularynda-qar-koskini-zurip-kolik-zolyn-zauyp-tastady/

pixel