Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Опубликовано:

Кісен
Қол кісен. Көрнекі фото: vm/Getty Images

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары, осы әкімдіктің бас маманы сондай-ақ мердігер ұйымның өкіліне қатысты үкім шықты. Бұл туралы Антикор хабарлайды.

"1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады", – делінген агенттік хабарламасында.

Аталған тұлғаларға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", – деді Антикор өкілдері.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077271-symkentte-audan-akiminin-buryngy-orynbasary-sottaldy/

pixel