Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор атышулы "Айка тізімі" бойынша тергеуді бастады

Жарияланған күні:

Читать на русском
қылмыстық іс
Қылмыстық іс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігінің өкілдері желіге тарап кеткен атышулы "Айка тізімі" ісімен қазір Антикор айналысып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық кодекстің 423-бабы – "Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету" бойынша тергеуді бастады.

"Әлеуметтік желілердегі дербес деректер туралы ақпараттың шығуы, сенімділігі және таралу жағдайлары жүргізіліп жатқан тергеу аясында анықталып жатыр.

Осыған байланысты ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатты", – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында ғаламторда қазақстандық танымал тұлғалардың, бизнесмендердің, ірі қаржы институттары қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің аты-жөні жазылған "Айка тізімі" тараған болатын. Бұл тізім қазақстандықтар арасында қызу талқыланды.

Ішкі істер министрлігі өкілдері элиталық эскорт қызметін ұсынатын әйелдер мен олардың клиенттері туралы деректер жазылды делінген "Айка тізімі" қалай пайда болғанына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

Кейінірек еліміздің Бас көлік прокуратурасы Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған келіншекке қатысты сот басталғанын мәлімдеді. Олар бұрын "VIP-сутенер" және Love Aika атымен танылған блогер Айка туралы айтылғанын растады. Ол 2023 жылғы 6 маусымда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077277-antikor-atysuly-aika-tizimi-boiynsa-tergeudi-bastady/