Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәл кешіккенде суға батып кетер еді…" Ақмола облысында үй жануарлары құтқарылды

Опубликовано:

Күшікті құтқарған құтқарушы
Күшікті құтқарған құтқарушы. Фото: ТЖМ

Ақмола облысында құтқарушы шынжырға байланған күшікті су басқан үйшіктен алып шыққан. Сондай-ақ осы өңірде су ортасында қалған алты түйе құтқарылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметі бойынша, су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушы Фархат есімді құтқарушы қыңсылаған дауысты естіп, үйшіктің ішінде шынжырға байланған күшікті көрді. Ол тез арада суға тола бастаған үйшікті сындырып, оны шынжырдан босатты.

"Оқиға Ақмола облысы Жібек Жолы кентінде болды. Құтқарушылар итті тамақтандырып, құрғақ жерге жеткізді. Фархат 12 адамды эвакуациялап, 2 итті құтқарып үлгерді", – делінген хабарда.

Сонымен қатар Ақмола облысының Тайтөбе ауылында құтқарушылар судан 6 түйені алып шықты.

Еріген су келгенде түйелер далада жайылып жүрген. Жануарлар судан қорқып, орындарынан қозғалмай қалған.

"30 жылдық тәжірибеде бұл менің түйелерді алғашқы құтқаруым. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрлыққа шығардық. Бірде-бір түйе зардап шеккен жоқ", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077346-sal-kesikkende-suga-batyp-keter-edi-aqmola-oblysynda-ui-zanuarlary-qutqaryldy/

pixel