Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 облыс әлі де су басу аймағында: Қазақстандағы су тасқыны жағдайы күрделі деп бағаланып отыр

Жарияланған күні:

Құтқарушылардың жұмысы
Құтқарушылардың жұмысы. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, елдегі су тасқыны жағдайы тұрақты-күрделі, батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады.

"Өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі жағдай туралы халыққа тәулік бойы хабар таратылып жатыр. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істеп тұр.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отыр, бұл жерлерге жедел күштер мен құралдар жұмылдырылып, жіберілді. Су басу аймағында бес облыс қалып отыр. Әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 төтенже жағдай жариялады", – деп мәлімдеді ТЖМ өкілі.

Су тасқыны кезеңінде барлығы 15 786 адам құтқарылды, оның ішінде 6 187 бала бар.

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орталықтарында 4113 адам болса, оның 1911-і бала, оларға қажетті жағдай жасалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде су басуға жол бермеу бойынша алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, белсенді шаралар еліміздің 11 облысындағы 46 елді мекенді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077358-5-oblys-ali-de-su-basu-aimagynda-qazaqstandagy-su-tasqyny-zagdaiy-kurdeli-bagalanyp-otyr/