"Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанда су басуы мүмкін аймақтарды атады
Жарияланған күні:
Читать на русском"Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Әлібаева министрлер кабинетінің кулуарында су тасқыны бойынша қай өңірлерге қауіп төніп тұрғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бүгінгі таңда су тасқыны қаупінің ең жоғары деңгейінде тұрған Ақтөбе облысында төмендеу байқалды. Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе және Қостанай облыстарында су деңгейінің жоғарылауы байқалады. БҚО-да трансшекаралық өзендер бойындағы аймақта су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Қазір су деңгейі көтеріліп жатыр. Аптаның соңында, жұмадан бастап аталған өңірлерде су тасқыны қаупі бар деп болжап отырмыз, - деді ол.
Кейін ол су тасқыны болуы мүмкін БҚО-дағы аймақтарды атады.
"Деркүл, Шаған, Елік және Шыңғырлау өзендерінің бойында орналасқан аумақтар бұл өңірлер үшін ескерту жарияланды. Біз жергілікті атқарушы органдарға ақпарат бердік. Бұл Жайық өзеніне жақын аймақтар, - деді Данара Әлібаева .
Сондай-ақ, бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, республикада су тасқыны жағдайы тұрақты-күрделі, республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде, су тасқыны болуы қаупі бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077376-qazgidromet-aldagy-kunderi-qazaqstanda-su-basuy-mumkin-aimaqtardy-atady/