Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмектескендердің арқасына пышақ сұғады": вице-министр құтқарушыға жасалған шабуылдың жай-жапсарын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметте өткен брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов БҚО-да пышақ жарақатын алған құтқарушыға қатысты оқиғаның жай-жапсарын баяндады. Ол бұл оқиға ТЖМ қызметкерлерін қатты ренжіткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бізді де қатты қынжылтты, өкінішке қарай, құтқарушыларымыз өз міндетін атқарып жатқанда арқасына пышақ сұғып алатындар бар. Бұл қалай болды дейтін болсақ: БҚО-да екі құтқарушы жағада тұрып, адамдарды бір-бір қайықтан екінші қайыққа бағыттаған. Оларға екі жергілікті тұрғын келіп, мін іздей бастаған.

Құтқарушылар тұрғындарды сабырға шақырып жатқанда, екеуі: "Бұл жерде қашанға боласыңдар?" деп сұраған. Ал кешке таман сол жерге "мін іздегіш" екі тұрғын мас болып қайтып келіп, төбелес шығарған. Олардың бірі біздің қызметкерге пышақ сұғып алған", – деді вице-министр Бауыржан Сыздықов.

Ол зардап шеккен құтқарушының жағдайы қазір тұрақты екенін айтты.

"Құдайға шүкір, қызметкеріміз ауруханада жатыр, жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оның денсаулығы жақсарып келеді деді. Заң бұзған тұрғындар ұсталды, олар кінәсын мойындады", – деді министрдің орынбасары.

Бауыржан Сыздықов қазақстандықтар БАҚ арқылы құтқарушылардың жұмысымен танысып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол ТЖМ-нің халыққа көмектесіп жатқанын азаматтарға жеткізуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077520-komekteskenderdin-arqasyna-pysaq-sugady-vice-ministr-qutqarusyga-zasalgan-sabuyldyn-zai-zapsaryn-aitty/

pixel