Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 пайыздық ипотека: министр Шарлапаев бағдарлама іске қосылатын күнді жариялады

Опубликовано:

Кілт ұстап тұрған әйел
Кілт ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрлігінің басшысы 1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қанат Шарлапаев "Отбасы банк" қазіргі таңда жаңа тұрғын үй бағдарламасына 300 млрд теңге көлемінде қаражат тартылып жатқанын хабарлады.

"Бұл – бағдарламаның жалпы көлемі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көрсеткіш 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз барлық шартын толық жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырдан басталады",деді министр.

Оның айтуынша, бағдарламаның шарттарын сәуір айының ортасында "Отбасы банк" өкілдері түсіндіріп береді.

"Бұл банк ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді және ипотекалық несие беруде абыройлы қызмет атқарып келеді", – деп қосты ол.

Еске сала кетейік, 15 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Отау" бағдарламасына қосымша ретінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын тағы бір жеңілдігі бар ипотеканы іске қосу керегін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077535-7-paiyzdyq-ipoteka-ministr-sarlapaev-bagdarlama-iske-qosylatyn-kundi-zariyalady/

pixel