Алматыда медициналық ұйымдардың басшылары өздеріне миллиондап сыйақы жаздырған
Жарияланған күні:
Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы ОКҚ брифингінде кейбір емдеу мекемелеріндегі сыйақылардың біркелкі бөлінбеуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Дискриминация бар. Егер басшылық қызметтегі кейбір шенеуніктер бірнеше лауазымдық жалақы алса, онда денсаулық сақтау мекемелерінің қатардағы қызметкерлері бірнеше есе аз сыйақы алады.
Біз бұл төлемдердің теңгерімді және әділ бөлінуі үшін ұсыныстар бердік", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов.
Сондай-ақ осы брифингте Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталған Жетісу ауданы әкімі неліктен жұмысын жалғастырып жатқанын түсіндірді.
"Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Ол апелляциялық тәртіппен қаралады. Сот үкімі күшіне енгеннен кейін, егер бірінші сатыдағы айыптау үкімі расталса, онда қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшының дербес жауапкершілігі туралы шара қолданылады", – деді басшы орынбасары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077547-almatyda-medicinalyq-uiymdardyn-bassylary-ozderine-milliondap-syiaqy-zazdyrgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.