Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мұражайдан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні алып тасталды

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні
Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні. Фото: NUR.KZ

Астанадағы Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні алып тасталды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мұражай өкілдері NUR.KZ тілшісіне көрме залдардағы экспозициялар әлемдік музей тәжірибесіне сәйкес ауық-ауық жаңартылып тұратынын айтты.

"2024 жылы еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері" көрме залында Сағадат Қожахметұлының өмірі мен әскери қызметін толық қамту мақсатында экспозициясы кеңейту бойынша реэкспозиция жүргізілді", – деп хабарлады Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының өкілдері.

Қазіргі уақытта тұңғыш президенттің мүсіні мұражай қорында тұр, онда экспонатты тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсіні елордалық мұражайға 2018 жылы Тұңғыш президент күніне орай қойылған.

Инсталляцияда президенттің кабинеті көрсетілген: Назарбаев үстел басында отыр, оның алдында генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетовті еліміздің қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы қол қойылған бұйрық жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077613-astanada-murazaidan-nazarbaevtyn-balauyzdan-zasalgan-musini-alynyp-tastaldy/