Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Жарияланған күні:

Сәбидің аяғы
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында салмағы 6 келі 180 грамм болатын алып нәресте дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қыздың аман-есен туылуына облыстық Ана мен бала орталағының дәрігерлері көмектескен.

Ақ халаттылардың айтуынша, қазір сәби мен ананың жағдайы жақсы, олар дәрігердің бақылауында.

Алып қызды өмірге әкелген келіншек 33 жаста, бұл оның төртінші баласы.

"Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, жалпы республика бойынша өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, оларға амандық тілейміз", – дейді перзентхана меңгерушісі Жадыра Жүсіпова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077649-sqo-da-salmagy-6-keliden-asatyn-alyp-sabi-duniege-keldi/