Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысындағы тасжолдың бір бөлігі опырылып түсті

Жарияланған күні:

Подстепное - Федоровка тасжолы
Подстепное - Федоровка тасжолы. Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстандағы тасжолда жол жамылғысы опырылып кетті. Тасқын салдарынан жолдың арғы бетінде су тасқыны жүріп жатыр. Көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "Мой город".

"ҚазАвтоЖол" АҚ филиалының мәліметінше, Подстепное – Федоровка – Ресей шекарасы тасжолының 35-ші шақырымында еріген судың тасып кетуіне байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды. Шектеу 1 сәуір, сағат 21.10-да енгізілді.

Бұл ретте аудан тұрғындары Теректі (Федоровка) ауылына жетпей, жолда ойықтар пайда болғанын хабарлады.

"Жаңа асфальт. Федоровкаға жетпей, жол екіге жарылған, ал асфальт бір жарым метрдей жерге түсіп кеткен. Алдымнан бір көлік келе жатып, шұңқырға түсіп кетті. Бұл учаске өте қауіпті", - дейді ауыл тұрғындары.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда облыста тасжолдың 63 учаскесінде су тасқыны тіркелді. Бес аудандық маңызы бар және 17 жергілікті маңызы бар жолдар табиғат апатынан зардап шекті. 31 жерде жол жамылғысын шайып, көліктердің өтуі мүмкін болмай қалды.

10 ауыл көлік қатынасынсыз қалды, оның сегізі Қаратөбе ауданында және Теректі және Шыңғырлау аудандарында бір-бірден орналасқан.

"1 сәуірде "Орал – Елек" тасжолының 35-ші шақырымында еріген судың жол іргетасын шайып кетуі салдарынан жол жамылғысы опырылды. Бірнеше учаскеде тасжолдың арғы бетінде ағын сулар пайда болды. БҚО тұрғындары мен қонақтарын жолға шықпауларын сұраймыз", - деді патрульдік полиция батальонының командирі Еламан Валиев.

Жолдағы опырылған жердің тереңдігі шамамен 10-12 метрді құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан қиын жағдай қалыптасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077664-batys-qazaqstan-oblysyndagy-taszoldyn-bir-boligi-opyrylyp-tusti/