Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы болып үкіметі аппаратының келісімі бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар.

Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Emirates, British Airways әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарды атқарған.

Айта кетейік, 2023 жылғы қарашада Астана қаласының әуежайы Terminals Holding (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077670-astana-auezaiyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel