Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Түркістан облысында оқушыны қатігездікпен ұрып-соққандардың видеосы тарады

Опубликовано:

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде өздерінен жасы кіші балаларды ұрып-соққан жасөспірімдердің видеосы тарап кеткен болатын. Бұған қатысты Түркістан облыстық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін egovpress Telegram-арнасында Түркістан облысында спорттық киім киген жігіт бозбаланы ұрып-соққан сәтінің видеосы тарады. Бұл жайтты тағы бір жасөспірім камераға түсіріп тұрған. Сипаттамада зардап шегушіден "алым-салық жинап жатыр" делінген.

Өңірлік полиция департаменті тексеріс бастап, Сарыағаш ауданында бұзақылық жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомство ақпаратынша, кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Олардың барлығы полицияға жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Одан бөлек, сараптамалар тағайындалған.

"Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7-ші және 9-сынып оқушылары.

Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады полиция департаментінен.

Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады. Іс департамент бастығының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077730-zelide-turkistan-oblysynda-oqusyny-qatigezdikpen-uryp-soqqandardyn-videosy-tarady/

pixel