Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" күнін қалай ерекше өткізу керек: Махаббат күніне 5 идея

Жарияланған күні:

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
Иллюстрациялық сурет: "Егемен Қазақстан" газеті

Қазақстанның жаңа тарихында пайда болған мерекенің бірі – Махаббат күні. Ғашықтар мерекесінің қарсаңында махаббат күнін ерекше атап өтудің бес түрлі нұсқасын ұсынамыз.

Бұл датаны "Әулие Валентин" мерекесіне балама ретінде 1999 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ешбір шетелге еліктемеген қазақтың төл мерекесі. Ресми түрде бекітілмегенмен жыл өткен сайын танымалдылығы артып, жастар арасында жиі атап өтіледі.

Махаббат күні – Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян арасындағы адал махаббатты, мөлдір сезімді насихаттайтын күн.

1. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымына бару.

Қозы мен Баян – бір-бірін пәк, кіршіксіз көңілмен сүйген, бірақ зорлық пен қызғаныштың құрбаны болып, қосыла алмаған қос ғашық, ұлттық Махаббат мерекесінің символы. Қозы мен Баянның махаббат хикаясын баяндаған жыр халық әдебиетінің інжу-маржаны деп саналады. Бір ғана қазақ тілінде 16 түрлі нұсқасы бар. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған жырды 1939 жылы Ғабит Мүсірепов пьесаға айналдырды.

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы - қазақ драматургиясындағы өзіндік орны бар, көрермені қуана қабылдаған туындының бірі. Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қайта қойылуының ерекше мәні бар. Бұған дейін 6 жыл бойы бұл шаңырақта сахналанбаған еді. Спектакльдегі басты рөлдерді жас та талантты театр актері Мағжан Асаубай мен сұлу актриса Индира Құлмағанбет сомдайды. Ғашықтар күнінің қарсаңында 12,14 сәуірде премьераға барып, ең танымал махаббат хикаясын тамашалап, төл мерекені естен кетпестей өткізіңіз.

Айта кету керек, қойылымның сахналануына "Баян Сұлу" АҚ компаниясы қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде компания тек кондитерлік фабрика ғана емес, әлемнің 14 еліне тауарын экспорттап, сапа жағынан әйгілі ресейлік, беларусь өнімдерімен бәсекеге түсе алатын халықаралық компанияға айналған. Кәсіпорын ұмытылып бара жатқан ұлттық байлығымызды қайта жаңғыртып, насихаттауға үлес қосып келеді.

Шоколад
Шоколад. Фото: "Баян Сұлу" АҚ компаниясы

2. Жұптық фотосессия.

Сеніңіз, фотосессия – өзіңіз үшін де, серігіңіз үшін де тамаша тәжірибе. Сіздің қиялыңыздағы бейнені шындыққа айналдырудың мүмкіндігі. Алдын ала қандай стильде түсетініңізді, қандай студияда болатынын таңдап алыңыз. Фотосессия біз ойлағандай әдемі киім, макияж және жасанды күлкі ғана емес. Аздаған креатив қосып, голливуд фильмдерінің кейіпкері, фэнтэзи, ретро стилінде түсірілім жасай аласыз.

Ал Ғашықтар күнінің қарсаңында этно-стильде тамаша фотосессия жасауды ұсынамыз. Қозы мен Баян, Жібек пен Төлеген, Еңлік-Кебек тәрізді аты аңызға айналған ғашықтардың бірін сомдауға болар еді. Ұлттық киім, көздің жауын алатын әшекейлерімізбен ерекше суреттер шығатыны анық.

3. Тәтті сыйлықпен қуанту.

Мерекенің басты атрибуты – сыйлық. Ал махаббат күніндегі ең тамаша сыйлық – тәтті. Ғашықтар күнінің қарсаңында Bayan Sulu ұлттық бренді Қозы мен Баянның бейнесімен әрленген шоколадтар шығарды.

Айта кету керек, бұл лимиттелген топтама. Ұлттық бренд ұсынған, табиғи шоколадтан дайындалған сапалы отандық өнім әрі екінші жартыңызға арналған ерекше сыйлық. Бұған дейін компанияның "Казахстанский" атты шоколады елімізді шетелге таныстыратын нағыз сүйікті брендке айналған еді. "Қозы мен Баян" тәттілер коллекциясы да тура солай Махаббат мерекесінің символына айналары анық.

4. Сүйіктіңмен табиғат аясында кездесу ұйымдастыру.

Телефонды сөндіріп, гаджеттерден алыстап таза ауада оңаша болу – махаббат күнін әдемі өткізудің жолы. Бюджетті әрі өте сапалы демалыс болары сөзсіз. Жақын маңдағы саябаққа бару жеткілікті. Тіскебасарға не аламын деп бас қатырудың да қажеті жоқ. Bayan Sulu ұлттық брендінің тәттілерін ала шықсаңыз болады. 50 жылдық тарихы бар компанияның ассортиментінде 300-дей өнім бар.

Сүйіктіңіздің талғамына қарай таза, қара шоколадты да, дәмі ауызда еритін зефир, қою карамель, жаңғақ қосылған кәмпиттер мен қытырлаған вафлидің кез келгенін өзіңізбен алып шықсаңыз болады. Еске салайық, биыл фабрика "Халал" сертификатын алды. Яғни кондитерлеріміз тек мемлекеттік стандартқа ғана емес, шариғат талаптарына да сай адал өнім шығарады.

5. Қыш бұйымдарын жасау.

Көнеден жеткен, тарихы бірнеше ғасырды құрайтын ұлттық кәсіп түрі – қыш бұйымдарын дайындау. Жасалу технологиясы ерекше, атадан балаға мирас болған өнер. Бүгінде қыштан бұйым жасайтын шеберлер көп емес, соған қарамастан көпшілік арасында кеңінен танымал болып жатыр. Біріншіден, саз балшық қымбат емес, үлкен шығынды қажет етпейді.

Тек сапалысын таңдай білу керек. Екіншіден, қышпен жұмыс істеудің денсаулық үшін көмегі зор. Стрессті жеңуге, депрессиялы ойлардан арылуға, ісік ауруларының алдын алуға үлкен пайдасы бар. Қол моторикасын дамытып, тепе теңдікті ұстауға көмектеседі. Жұбыңызбен бірге екі сағат қышпен жұмыс істеу қарым-қатынасты нығайта түседі. Ғашықтар мерекесін естен кетпестей өткізетініңіз де анық.

Ромео мен Джульеттаның, Тристан мен Изольданың трагедиясы бүкіл әлемге тарап, мәңгілік махаббаттың бейнесіне айналып үлгерді. 15 сәуірде Ғашықтар күнін атап өту арқылы қазақ даласында да Қозы мен Баян, Абай мен Тоғжан, Ақан Сері мен Ақтоқты тәрізді жұптардың бар екенін дәлелдей түсеміз. Олардың батылдығы мен өзара сүйіспеншілігін үлгі ете отырып, өз махаббат тарихыңызды жазуға асығыңыз. Ғашықтар күні оған себепкер болсын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077811-qozy-korpes-bayan-sulu-kunin-erekse-otkizudin-5-adisi/