Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда саяжай үйлерін су басып, тұрғындарды эвакуациялау басталды (видео)

Опубликовано:

Орал
Орал. Видеодан кадр: instagram.com/uralskakimat

Оралда Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейі көтерілді. Тұрғындарды эвакуациялау жұмысына 5 автобус жұмылдырылған, деп хабарлайды Орал әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, қазір Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келген.

"Осы аумақта орналасқан "Мичуринское", "Объединённое", "Ветеран", "Звёздочка" және тағы да басқа саяжайларды эвакуациялау жұмысы басталды. Шамамен аталмыш аудан маңындағы саяжайларда 1000-ға жуық адам тұрады.

Саяжайдағы тұрғындарды эвакуациялау жұмысына 5 автобус жұмылдырылған. Осы ретте тұрғындардан уақытша қауіпсіз жерге көшуді сұраймыз. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды", – деп мәлім етті Орал әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077820-oralda-sayazai-uilerin-su-basyp-turgyndardy-evakuaciyalau-bastaldy-video/

pixel