Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында колонияның 11 қызметкері сотталушыларды азаптады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: pexels.com

Ұлытау облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме мен Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады.

"Мекеменің 7 қызметкері мен әскери бөлімнің 4 қызметкері (жалпы 11 қызметкер) №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған 11 адамды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағандығы анықталды", - делінген хабарда.

Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды мекеме және әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбағаны туралы басшылырына баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілген.

26 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078045-ulytau-oblysynda-koloniyanyn-birnese-qyzmetkeri-men-askeriler-azaptauga-qatysty-kudikke-ilindi/