Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өмірінің соңғы күні туралы айтып берді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бишімбаев әйелін өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін айыпталушы Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не жағдай болғанын айтып берді.

"Нүкенованы өлтіру туралы ешқандай ой болған емес. Біз мейіріммен, сүйіспеншілікпен ояндық. Бір құрбысы оны Дима Биланның концертіне шақырды, ол (Салтанат - ред.) бірге барайық деп қолқа салды. Ол дайындала бастады, концертке киетін киім қарады, кейбір заттары Павлодарда болғандықтан, ол өзіне гардероб таңдай алмады. Оның көңілі түсіп, ашулана бастады", – деді Бишімбаев.

Оның айтуынша, Салтанат өзіне лайықты киім таппаған соң, ол дүкенге бірге барып, киім алуды ұсынған. Сонан соң екеуі бірге дүкен аралаған, Салтанаттың көңіл-күйі көтеріңкі болған.

Сосын, сотталушының айтуынша, олар мейрамханаға барған, бөлек кетіп, артынан Салтанаттың құрбысы Аидамен кездескен.

"Аида екеуі мейрамханадан шықты, ішімдік ішкен болуы керек, өйткені "Тағы шампан алу керек еді", – деді, мен: "Қазақстан" орталық концерт залына барайық, айтамын, әкеледі" дедім", – деді Бишімбаев.

Ол жанжалға еш алғышарт болмағанын қоса айтты.

"Концерт залының фойесінде мені бір танысым көріп, бетімнен сүйді, амандастық. Салтанат ашулана бастады және оның кім екенін сұрады. Әріптесім екенін айттым. Біз залға кірдік.

Залға барар жолда ол: "Шампанға тапсырыс берерсің?", – деді. Мен мейрамханадан шампан толтырылған 3 үлкен стакан әкелуді өтіндім де, көшеде қалдым.

Концерт 20:00-де, оны әкелген кезде (шампан) 20:40 болып қалды. Мен концертке кешігіп қалдым. Даяшыны 40 минут күткендіктен, біраз ашуландым. Стақан алып кіріп, Аида мен Салтанатқа бердім де, біреуін өзіме алып қалдым. Есте қалатындай жанжал емес", - деп жалғады сөзін Бишімбаев.

Сондай-ақ ол Салтанаттың бұрын Бишімбаев сұраған дезодорантқа тапсырыс беруді ұмытып кеткенін атап өтті.

"Концерт болып жатты, менің қалғым да келмеді, Дима Биланды ұнатпаймын: "Мен кете берейін, концертті өздерің көре беріңдер, менің жұмысым бар", – дедім. Көңілім түсіп отырған. Күндіз жұмыста бір жағдайлар болған.

Ол: "Бірге келдік пе, бірге кетейік, соңына дейін отыра тұр", – деп өтінді. Менің кетуге ниеттенгенім оны ренжіткені көрініп тұрды, бет-жүзі өзгеріп кетті. Мен оның тізесіне қолымды қойып: "Жарайды, концертті бірге көреміз", – дедім. Содан ол кенет ашуланып, орнынан атып тұрып, маған: "Көргің келмесе, кеттік", – деп айқай салды. Мен таң қалдым", – деді Бишімбаев.

Сонан соң Бишімбаевтың айтуынша, олар залдан шығып кеткен.

"Ол гардеробқа қарай барып қатты ызалана бастады: "Сен менің көңіл-күйімді құрттың, Аиданың алдында ұятқа қалдырдың", – деді, "Онда қайта барайық", – дедім. Ол айқайлай бастады. Мен: "Не болып жатқанын түсіндірші, кел отырайық", – дедім. Ол одан сайын ашуланды. "Сен мені ұятқа қалдырдың, қалғың келмеді, кетемін дедің", – деді. "Ренжіткен болсам кешір, ренжіткім келген жоқ", – дедім. Ол: "Жоқ, болды, мен кетемін", – деді. Ол қатты айқайлағанда мен де ашулана бастадым. Ол: "Сен мені жазда да оның алдында ұятқа қалдырғансың", – деді", – деп жазда болған жағдайды есіне алды Бишімбаев.

Оның айтуынша, Салтанат нөмірді жоғалтып алған, сондықтан ол концерт залынан сырт киімсіз шығып кеткен. Ол ағасына барғысы келетінін айтқан. Одан кейін олар концерт залына жақын маңдағы "Гастроцентрге" келген.

"Біз мейрамханаға кірдік. Біз №5 VIP бөлмеге кірдік. Мен оған қарсы бетке отырдым: "Не керек екенін түсіндір. Сен енді мұндай күйде болмаймын, қашып кетпеймін дедің, өзіңді ұстай алмайсың ба, не түрткі болатынын түсіндіре алмайсың ба?", – дедім. Шампанға тапсырыс бердік.

Мен оны тыңдап қана отырдым, біз VIP бөлмеге 21:30 шамасында кіргенбіз. Үш сағат бойы оның арыз-шағымын, ренішін тыңдадым, негізгі түйіні – менсіз Түркияға кетіп қалдың, қазан айында ажырасқанда басқа әйелдерге қоңырау шалдың, жазда Алматыда мені үйден қуып жібердің, сені сонда көрді, мұнда көрді. Үнсіз тыңдадым, айтарын айтып алсын деп ойладым.

Біз мұны анықтап жатқанда, ол тағы бір бөтелке шампан ішті. Ішіп, әлсіреп, оқиға сонымен бітеді деп күттім", – деді Бишімбаев

Кейін Салтанат, Бишімбаевтың айтуынша, Аидаға телефон соғып, концерт біткенін айтқан.

"Менің кеткім келді, оның тынышталмайтынын көрдім. Қазір ағасына кетіп қалса, бара берсін деп ойладым. Өзім басқа адамға қоңырау шалдым. Мен оны қалуға мәжбүрлей алмаймын. Мен әлгі адамға қоңырау шалдым, олар бір ойын-сауық мекемесіне кетіп бара жатқанын айтты, мен соларға қосыламын деп ойладым", – деді айыпталушы.

Оның айтуынша, сағат 00:30-да олар біраз ішкен. Содан Салтанат таксиге тапсырыс берген, бірақ кетпеген. Бишімбаевтың сөзінше, олар тағы бірнеше сағат сөйлескен алдымен мейрамхананың фойесінде, содан кейін көшеде.

"Әңгіменің мәні мынада: мен оны ұстап қалуға, түсіндіруге тырыстым. Ол жазда болған оқиғаны, Түркиядағы жағдайды және т.с.с. айтып ашулана берді. Бір айтқанын 5 сағат қайталап айтты", – деді Бишімбаев.

Сосын оның айтуы бойынша олар таксиге қарай бет алған.

"Ол маған тиісе бастады. "Неге мені ұстап қалғың келеді? Неге қалғанымды, ұрыспағанымызды қалайсың?", - деп сұрай бастады. Жанжалдың осы кезде күшейе түсті. Мен ашулана бастадым. "Не деп тұрсың, сыйлықтардың не қатысы бар, сенің кетпегеніңді қалаймын", – дедім. Ол көлікке отырды. Оның кететін ойы болған жоқ, кететіндей болып көлікке отырды.

Ол намысыма тиюін жалғастыра берді. "Уайымдама, бәрін қайтарып беремін", – деді. "Тағы ушықтырып, төбелесті қалап тұрсың ба, бірақ менің бір өтінішім бар, қорлап, боқтамайық, бұрынғы қарым-қатынастарыңды еске түсірмейік дедім", – дедім. Өйткені менің ұнатпайтынымды біле тұра осы екі нәрсемен менің намысыма тиіп, ашуландырмақ болды", – деді айыпталушы.

Бишімбаевтың айтуынша, сонан соң Салтанат өзі сыйлаған алқаны жұлып алып, қайтарып берген, бірақ ол оны лақтырып жіберген. Артынша, Бишімбаевтың сөзінше, олар біраз тынышталып, үйге қайтуды ұйғарған, тіпті көлікке отырып, мейрамханадан шығып та үлгерген. Алайда бір кезде, Бишімбаев сендіргендей, Салтанат мейрамханаға қайта қайтпақ болған. Мейрамханада олар ішімдік алып, №1 VIP кабинаға кірген.

"Біз сабырлы болдық, бәрін жинап болған соң, тынышталып, ішке кірдік. Біз VIP-ке кірдік, қайта басталды. Тағы да баяғы әңгіме, сол тақырып. Мен: "Үйге кеттік",– дедім. Оның реніші болды, ол бір-бір жарым сағат бойы жазғы оқиғалар туралы, біздің ажырасуымыз туралы айтты. Мен айтып алсын деп отырдым.

Ол айғайлай бастады. Ол жерде сылақшылар жүрген. "Айқайлағың келсе, келейік. VIP-тегі дәретханаға кірейік, әйтпесе залда адамдар бар", – дедім. Біз дәретхананың еденіне отырдық", –деді Бишімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078057-bisimbaev-saltanat-nukenovanyn-omirinin-songy-kuni-turaly-aityp-berdi/

pixel