jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 7-9 мамырда әскери парадтар өте ме: Қорғаныс министрлігінің жауабы

әскери шеру
Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад. Астана/2018 жылғы 7 мамыр. Фото: aqorda.kz

Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеді. Ведомство өкілдері оған не себеп екенін де айтты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған.

Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.

Қазақстанда 7-9 мамырда әскери парадтар өте ме: Қорғаныс министрлігінің жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.