Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болғанға дейін өзі құлап, бірнеше жарақат алғанын айтты

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев Салтанаттың өліміне дейін не болғаны туралы баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған күні олар "Гастро-орталыққа" келгенін айтқан.

"Біз мейрамханаға келдік, бірақ VIP-залға кіргенімізде тағы да жанжал басталды. Тағы да сол әңгіме, баяғы тақырып. "Үйге қайтайық" дедім.

Бірақ ол реніші туралы айтты, бір жарым сағат бойы жазда болған жағдайлар, біздің бөлек кеткен кезіміз туралы айтты. Мен отырып, ойланып: айтып бітсін дедім. Ол айқайлай бастады. Ол жерде сылақшылар болды. "Егер айқайлағың келсе, VIP залдағы дәретханаға барайық, әйтпесе залда адамдар бар", - дедім. Біз сол жердің еденінде отырдық", — деді Бишімбаев.

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған VIP залдың сызбасын көрсетуді сұрады.

Бұл әңгімелерді естігенде Нүкенованың туыстары өздерін жайсыз сезінгендей болды. Материалдарды көрсетпес бұрын судья Нүкенованың туыстарынан "Барлығы дұрыс па?" деп сұрап, сот залынан шыға тұруға рұқсат берді. Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді "Жалғастыра берсін" деп жауап берді.

"Еденде отырдық, унитазға жақынырақ, Салтанат сәл алыс отырды. Мен оны тыңдадым. Ол айқайлап айта бастады. Эмоциясын шығарып, бұрынғы қарым-қатынас, қызғаныш, жазғы ажырасу туралы айтты "Мені үнемі масқаралайсың" деді.

Мен: "Нақты не қалайсың? Не үйге барайық немесе екіге кетейік" дедім. Ол риторикасын өзгертіп: "Қарым-қатынасты басқаша жалғастыруға дайынмын, мүмкін біз ажырасып, жұп болып, бөлек пәтерде тұрып көрейік" деп айта бастады.

"Неге менің кеткенімді қаламайсың?" деп провокацияға шақырды. Ұрысамыз, 3 күннен кейін қайтадан татуласамыз, қызғаныш болады", - дедім. "Маған берген сыйлықтарың үшін өкінетін шығарсың? Бәрін қайтарамын", - деді. "Оларды қайтарудың қажеті жоқ, қажет болмаса, лақтырып таста" деп айттым", - деді Бишімбаев.

Оның айтуынша, Салтанат Бишімбаев берген неке жүзігін, сағатын, білезігін шешіп, әжетханаға лақтырып жіберген.

"Ішуге бірдеңе сұрадым, дәретханадан шығып, қолыма түскен бөтелкені алдым, сылақшылардан оттық сұрадым, темекі тартқым келді, оларда оттық жоқ екен.

Дәретханаға қайта келдім, есігі іштен жабық тұрды. Ішінен айқай-шу, қабырғаны ұрғаны, балағат сөздер айтқаны естілді. Мен бұл есікті қаға бастадым. Ол есікке жақындап, мені балағаттай бастады да: "Мені осындай жағдайға түсірген сенсің, сенсің", - деді.

Менде агрессия басталып, есікті қолыммен ұра бастадым. Колонканың штативін алдым. Есікті ұра бастадым, сонда тесік пайда болды. Ол есікті ішінен ашқанын көрдім. Мен штативті лақтырып, ішке кірдім", - деді Бишімбаев.

Айтуынша, Салтанат Қуандықтың жейдесін жыртып, оған қарай ұмтылған. Сол кезде итеріп жібергенде, Салтанат қабырғаға соғылды.

"Маған тағы бас салғанда, мен де оның жейдесін жыртып жібердім. Ол ашуланып, көйлегін шеше бастады. Бұл киімдер концерттің алдында ғана сатып алынған. Мені ашуландырып, оны шешіп, лақтырып жіберді. Мен өзімді ұстай алмай, бір-екі ұрып жібердім", - деді Бишімбаев.

Оның сөзінше, бұның бәрі өте тез болып кетті.

"Шалбарымды да шешемін" деді. Мен оның белбеуінен ұстап, "олай істеме" дедім. Ол бетімен унитазға қарап тұрды. Ол шалбарын шеше бастағанда, мен ашуланып, белбеуінен ұстап тұрып оны жіберіп қалдым. Сол кезде шалбары түсіп кетті.

Ол тепе-теңдігін ұстай алмай, қабырғаға соғылып, унитазға бетімен құлады. Қатты соққы алды. Кейін еденге құлап кетті", - деді Бишімбаев.

Бишімбаев Нүкенова унитаз қасында 10-15 секунд жатқанын айтты.

"Шалбары тізеден төмен салбырап тұрды. Мұның бәрі қанша уақытқа созылғанын білмеймін. Ол жерде жатты. Баяу тұра бастады. Көмектеспедім.

Ол құлағаннан кейін, денесін әрең қозғалтты. Ол қайта тұрып, тағы құлады. Сол кезде бетімен кафельге еденге соғылды. Біраз уақыт жерде жатты. Ол екі рет құлағаннан кейін тұра бастағанда, мен қабырғаға сүйенуге көмектестім, ол отырды. Сол кезде жарақатынан қан кете бастады. Сенде бәрі жақсы ма деп сұрадым, ол үндемеді.

Бетінің бір жері тілінгенін байқадым. Майлықты әкеліп, иегінің астынан ағып жатқан қанды сүрттім.

Ол жалаңаш отырды, тек шалбары салбырап тұрды. Сыртқа шығып кеттім, ол сол жерде қалды. Жейдем жыртылған соң, шешіп, курткамды кидім", - деді Бишімбаев.

Ол кейін VIP залдағы жиһазды сындыра бастағанын жеткізді.

Темекі тартып, дәретханаға кірдім. Ол қабырғаға сүйеніп, төбеге қарап отырды.

"Салта, тұр, суық еденде отырсың, холға барайық" деймін. Оны көтере бастағанда, түсінбегенім, ол қарсылық көрсеткендей болды, бірақ ол өз денесін қозғалта алмады. Есінен танған жоқ. Шалбарын шешіп тастадым, іш киімі де жыртылып кетті", - деді Бишімбаев.

Шаршағанда өзім көтеруге күшім жетпеді. Ол тұрғанда құлап қалды, ол тізесін еденге, қабырғаға соқты. Ішінен ұстап, орнынан тұрғыздым. "Жүр, холлға барайық, диванға жатасың", дедім.

Ол тұрып бес-алты қадам жасады да, алға қарай құлады. Мас болды ма, басқа ма түсінбедім. Қарап тұрдым. Қайта тұрды да, құлады. Жедел жәрдем шақырайын ба дегенде, үндемеді", - деді ол.

Бишімбаев кейін ол диванға өзі келіп отырғанын, не болғанын түсінбегенін айтты. Кейін үстіне куртка бергенін, екеуі бірге темекі тартқанын айтты. Ол ашуланып орындықтарды тепкенін, заттарды лақтырғанын, ал Салтанат оған қарап жатқанын айтты.

Судья Бишімбаевты тоқтатып, айтылып жатқан әңгімені есту марқұмның ағасы Айтбек Амангелдіге қиын болып жатқанын ескеріп, 10 минут үзіліс болатынын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078153-bisimbaev-saltanat-nukenova-qaitys-bolganga-deiin-ozi-qulap-birnese-zaraqat-alganyn-aitty/

pixel