Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушы: "Бұзақылық" бабы бойынша ғана кінәмді мойындаймын

Опубликовано:

Сот залы
Сот залындағы сотталушы. Фото: Эльмира Асқарқызы / nur.kz

Бүгін, 3 сәуірде Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсанында №7 аурухана маңында болды. Сотта оқиға орнына барған анықтаушыдан, сондай-ақ сот-медицина сарапшысынан жауап алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анықтаушының сотта айтқан сөзіне сүйенсек, оқиға орнына сегіз анықтаушы барған.

"Оқиға орнына бүкіл бөлім болып шықтық, зардап шеккендер өте көп болды. Бейнежазбаны сол жерде автопарк өкілінің қатысуымен автобустың ішінен алдық. Барлығы алты камера бар. Олардың ішінде екі камерадан бейнежазба алынды. Видеоның дыбысы жоқ, тек бейнебақылау үшін орнатылған камералар", - дейді анықтаушы.

Анықтаушы оқиға орнына жеткенде автобус жүргізушісін ауруханаға, ал айыпталушыны медициналық сараптама жасауға алып кеткенін айтты. Оқиға орнында олар мәйіттерді қарау, көлік құралының техникалық жағдайын қарау сияқты тергеу әрекеттерін жүргізген.

Осы тұста айыпталушының қорғаушысы автобус апатына куә екі адамнан неге жауап алынбағанын сұрады. Анықтаушының сөзінше, оқиға орнында олардан жауап алуға мүмкіншілік болмаған.

Ал кейін түсініктемедегі анкеталық мағлұмат бойынша хабарласқанын айтты. Алайда анықтаушының сөзінше, ол басқа өңірдің тұрғыны болғандықтан және кәмелет жасқа толмағандықтан, тергеу әрекетіне қатыспаған.

Сот залы
Сот залы. Фото: Эльмира Асқарқызы / nur.kz

Сондай-ақ сотта автобус жүргізген әйелдің есінен танып қалғаны туралы сот-медицина сараптамасын жасаған сарапшы сөз алды. Ол автобус жүргізушісінің есінен танып қалғанын медициналық құжаттар негізінде жасап шыққанын айтты.

"Сараптама медициналық құжаттар негізінде жасалды. Қосымша, менің өтінішім негізінде нейрохирург дәрігердің жәбірленушіге берген кеңесіне сүйендім", - дейді сарапшы.

Сотталушының қорғаушылары сот-медициналық сараптаманың қортындысына күмән келтірді. Олар автобус жүргізушісі алған соққыдан талып қалды деген тұжырымды сарапшыдан толық түсіндіруді сұрады.

"Нейрохирургтің анықтамасы бойынша адамның жағында орналасқан үш тармақты жүйке өте сезімтал болады, сондықтан мұндай соққы алған кезде адамның есінен тануы жиі болатын жағдай. Ол соққының күшіне де байланысты шығар. Ал бұл мысалда есінен тану қатты соққыдан болған", - деді сот-медициналық сарапшысы.

Сотта сотталушы кінәсін мойындайтынын мәлімдеп, оқиға туралы айтып берді.

"293-бап ("Бұзақылық") бойынша ғана кінәмді мойындаймын. Сағат алтыда жұмыстан шықтым, "Апортқа" қарама-қарсы, алтыдан кете автобус келіп тоқтады, кірдім. Кіргеннен кейін телефонымды алып, жазып жаттым. Бір аялдамадан түсіп қалатын болғанмын. Көпірден айналмай тұрып түсіп қалуым керек еді. Қалаға қарай жүріп, жоғарыға қарай кетуім керек еді. Автобуста 7-8 адам болды. Телефонымда теріп жатқан болатынмын, келіншек "бері кел" деп шақырып алды, сен жігіт деп. Айнадан қарап тұр екен, жүріп келе жатып, қасына бардым, жолақысын төлегеніңді көрсет деді.

(...) Екі рет ұрдым. Кай жерінен ұрғаным есімде жоқ. (...) Одан кейін екі бала жүгіріп келді, бауырым не болды деп. (...) Автобус тоқтады, ішіндегі адамдар сөйлеп жатты, неге ұрдың деп. Тоқтағаннан кейін мен шығайын дедім, ешкімді шығармады. Жүргізушіге су берді, су ішті. Мен сол жерде тұрдым, су іштім, одан кейін сізге көмектесейін деп екі бала келіп, жүргізушіні алып шықты", - деп баяндады сотталушы оқиғаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078333-almatyda-avtobus-zurgizusisin-urgan-zolausy-buzaqylyq-baby-boiynsa-gana-kinamdi-moiyndaimyn/

pixel