Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерден жалтарғандар 3,5 млн айыппұл төлеуі мүмкін

Опубликовано:

Сарбаз киімі
Сарбаз киімі. Көрнекі сурет: gov.kz/memleket

Биыл әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қалалық қорғаныс істері департаменті заң қызметінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"30 маусымға дейін республикадағы Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер адам толықтырады.

Көктемгі шақыру кезінде – наурыздан маусымға дейін жалғасатын науқан аясында Алматы қаласына 1200 азамат шақырылады", - деді Алматы қаласы Қорғаныс істері департаменті заң қызметінің бастығы Дәуренбек Шегебаев.

Спикер жыл соңына дейін Алматыда 2500-ге жуық адамды әскерге тарту жоспарланып отырғанын түсіндірді.

Сондай-ақ ол әскери қызметке шақырудан жалтару 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 3,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 400 сағатқа дейiнгiмерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бас бостандығын шектеу немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге бостандығынан айыруға жазаланатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078357-askerge-zaltargandar-endi-35-mln-aiyppul-toleui-mumkin/

pixel