Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотта Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген кадрлар көрсетілді

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев мейрамханада.
Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев мейрамханада. Видеодан кадр: youtube.com/ҚР Жоғарғы соты

Елордалық сотта Салтанат Нүкенованың ісі қаралған кезде прокурор Қуандық Бишімбаевтың әйелін ұрып-соққан "Бау" мейрамханасынан түсірілген видеоны көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сағат 07:16-да Бишімбаев лифттен шығып, Нүкенованы шашынан ұстап, тепкілейді. Нүкенова осы уақытта еденде жатыр. Сосын оның шашынан тартып, бетінен де ұрады. Қайта ұрады да, кетіп қалады, сосын қайтып келіп, оны шашынан тартып, сүйрейді. Оны шашынан сүйреп, VIP-кабинаға апармақболады. Сосын, менің білуімше, оны дәретханаға апарады.

07:19-да оны шашынан ұстап, дәретханадан алып шығады да, VIP-кабинаға қарай сүйрей жөнеледі", - деп прокурор видеодағы әрекетті сипаттап.

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев мейрамханада.
Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев мейрамханада. Видеодан кадр: youtube.com/ҚР Жоғарғы соты

Назар аударыңыздар, бұл бейнежазбада зорлық-зомбылық көріністері бар: KAZ.NUR.KZ редакциясы оларды этикалық себептермен жарияламайды.

Тағы бір бейнебақылау камерасы, прокурор атап өткендей, Бишімбаев ұрып-соғу сәтіне дейін Нүкенованы лифтке қарай қысып тастаған.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Салтанат лифттен шыққан кезде оның бетінен көгерген іздерді көргенін атап өтті: "Ол сол күні кабинадан тірі шыққан жоқ".

Сондай-ақ бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша елордалық сотта прокурор Салтанат Нүкенованың бетінен көгерген іздер көрініп тұрған "Бау" мейрамханасының бейнебақылау камераларынан түсірілген кадрларды көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078393-sotta-bisimbaev-nukenovany-uryp-soqqany-tusirilgen-kadrlar-korsetildi/

pixel