Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда баланы ұрғаны үшін балабақша тәрбиешісі жазаланды

Опубликовано:

Ойыншық қонжық
Ойыншық қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балабақша тәрбиешісі екі жасқа толмаған баланы ұрғаны үшін сотқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сотталушы, яғни балабақша тәрбиешісі балабақшаның балаларға арналған жатын бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған баланы ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген", - делінген сот жазбасында.

Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді.

"Сот отырысында сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтқан", - деді соттағылар. 

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайға сотталушының кінәсінің мойындауын, шын жүректен өкініп отырғандығын таныса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігінің санкциясында белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 160 есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы көзделген.

Сот үкімімен сотталушы қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тәрбиешіге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айырыла отырып, 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге айыппұл жазасына кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078405-mangystauda-balany-urgany-usin-balabaqsa-tarbiesisi-zazalandy/

pixel