"Қазақстан Бипэк Автоға" пайдалануға берілген орман қоры мемлекетке қайтарылды
Жарияланған күні:
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Қазақстан Бипэк Авто" АҚ-ға берілген орман қорының 169,7 гектар мемлекеттік жерін қайтарды. Бұл туралы өңірлік сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ресми сайтында жазылғандай, "Өскемен орман шаруашылығы" КММ қызметінде тексеру нәтижелері бойынша, орман пайдаланушысы "Қазақстан Бипэк Авто" АҚ жалпы ауданы 150,7 га орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптары бөлігінде орман пайдалану қағидаларын жүйелі түрде бұзғанын анықтады.
"Сондай-ақ уәкілетті органның келісімінсіз алаңы 19 га болатын учаскелерде құрылыстар салынған.
Орман пайдаланушы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамаған, өртке қарсы іс-шараларды уақтылы орындамаған, сондай-ақ, шаруашылық қызметін орман билетінсіз жүргізген", - делінген бақылаушы органның хабарламасында.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде сот шешімімен ауданы 169,7 га мемлекеттік орман қорының жер учаскелеріне ұзақмерзімді орман пайдаланудың 13 шарты бұзылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078414-qazaqstan-bipek-avtoga-paidalanuga-berilgen-orman-qory-memleketke-qaitaryldy/