Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Сотталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Сотталушылар Байжанов пен Бишімбаев: t.me/Jogargy_sot

3 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне жасалған қысым туралы айтқан болатын. Оның бұл сөзін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман да қостады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске салайық, бүгін екінші сотталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұраған болатын.

"Ол маған айғақ беруге қатысты "былай деп айт, былай деп айт" деп қайта-қайта қысым жасап жатыр", - деген еді сотта Байжанов.

Бұған жауап ретінде Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram желісіндегі парақшасында былай деп жазды:

"Ол тұрмақ (ол жанында, сотта отыр), маған да қысым көрсетуге тырысып жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды одан бөлек отырғызады деп сенемін".

Сонымен қатар Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің сотта айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді.

"Бәріне өзі кінәлі, тек қана өзі. Бұл жағымпаз дауысты мен де естігенмін. Мәселе менде екені маған да айтылған еді. Ал өзі мінсіз болмаса да, керемет адам. Ал мен өзім бәріне кінәлімін", - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Оған қоса Назым Қаһарман Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген видеоларға қатысты ойын айтты.

"Сұмдық жағдай. Шарасыз қыз. Сағаттап, айлап азаптап, соңы осылай болды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078438-bisimbaevtyn-buryngy-aieli-nazym-qaharman-qysym-korip-zatqanyn-malimdedi/

pixel