Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

Опубликовано:

Асқар Мұратұлы
Асқар Мұратұлы. Фото: qaj.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды", - делінген ҚМА хабарламасында.

Құзырлы орган мәліметінше, сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ ресми сайтындағы мәлімет бойынша Асқар Мұратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Бұрынғы Семей облысының тумасы. Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-экономист) және Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін (инженер) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары "Қазақавтожол" РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып қызмет еткен.

2007-2012 жылдары-Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары – Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2019-2021 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078591-qazavtozol-kompaniyasynyn-buryngy-toragasy-ustaldy/

pixel