jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов дүние салды

Ғаділбек Шалахметов
Ғаділбек Шалахметов. Фото: assembly.kz

Белгілі журналист, қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов өмірден озды. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Kazinform агенттігіне Қазақстан Журналистика академиясындағылар растады.

Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында Алматыда қайтыс болды.

Басылымның мәліметінше, Ғаділбек Шалахметов 1943 жылы 9 маусымда Астрахань облысында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтын бітіріп, Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлердің жоғары курстарында білім алған.

Атақты публицист 300-ден астам ғылыми және публицистикалық еңбектердің авторы атанған. Сценарист болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, 2009 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс бөлімін басқарған.

Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болды.

Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов дүние салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.